Депутаттар сайлаудан кейін не істейді?

489

Жуық арада мәжіліс тарап, парламент сайлауы өтеді. Сол кезде төменгі палатаның жаңа құрамы белгілі болмақ.

Депутаттар сайлаудан кейін не істейді?

Әлбетте қазіргі депутаттардың біразы қайта келуі әбден мүмкін. Бастысы сайлау нәтижесі бойынша тиісті межеден асқан партиялар өз тізіміне қосса болғаны. Парламенттің 30 пайызы бір мандаттық дауыс беру арқылы сайланатынын ескерсек, қайтадан депутат атану мүмкіндігі азая түсетін сияқты. Мәжілісмендердің кейбірі Парламент қабырғасында алған тәжірибенің арқасында жұмыссыз қалмаймыз деп отыр.

"Әрине өзгеріс бар. Кезінде машинист болып келген Геннадий мен қазіргі Геннадийдің арасында айырмашылық бар. Алайда бұл жердегі айырмашылық білім мен біліктілікке байланысты. Адамгершілік пен қарапайымдылықтан біз тайынған жоқпыз. Бұйырғанын көреміз, қай салада болатынын. Ең бастысы  адамгершілігімізден тайынбайық. Және екі қолға бір күрек табылады. "Құдайдың бір несібесі болады" деген", дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу