Депутаттар тасқыннан қорғану шараларын ұсынды

805

Депутаттар тасқыннан қорғану шараларын ұсынды

Елдегі көктемде жайылатын тасқын суды алқапты суару үшін пайдалану керек. Сондай-ақ Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту мәселесін майшаммен қарау қажет. Бүгін мәжілісмендер Сәкен Қаныбеков пен Сапархан Омаров Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында осылай деді.

Депутаттардың айтуынша, жердегі төтенше жағдайды ғарыш жүйесі арқылы қашықтықтан зонд арқылы тексеру ісін де дамыту керек. Сондай-ақ, су тасқыны қаупі мол аймақтарға су өткізу құрылымдарын орнатуды "Нұрлы жол" бағдарламасы барысында іске асыру тиімді. Жер аумақтарын өңдейтін мердігер ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы қатаң қадағалануы тиіс", – дейді депутаттар.

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу