Депутаттар Үкіметтен ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрайды

658

Үкіметке көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезеңінде дизель өнімдеріне акциз мөлшерін тоннасына 540 теңге деңгейіне дейін төмендетуді ұсынады. 

Депутаттар Үкіметтен ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрайды Фото: Жайық пресс

Бұл туралы депутат Айқын Қоңыровтың Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтылған деп жазады, inbusiness.kz.

Оның дерегінше, жыл сайын Энергетика министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге фермерлердің қажеттіліктері үшін дизель отынын жеткізу кестесін жасайды.

"Үкіметтің қолданыстағы қаулысына сәйкес биылғы наурыз айынан бастап көтерме саудада дизель отынына акциздік мөлшерле тоннасына 540 теңгеден  35 726 теңгеге дейін өсті. Қазақстанда егіс және егін жинау науқанында дизель отыны үшін жылдық қажеттілік шамамен 700 мың тоннаны құрайды, тиісінше ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер, содан кейін түпкілікті тұтынушы дизель отынына акциз түрінде 24 млрд теңгеден астам артық ақы төлейді", дейді Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, дизель отыны құнының өсуі инфляциялық процестерді жеделдетіп, егіс алқабынан  дүкен сөресіне дейінгі барлық жеткізу тізбегіне теріс әсер етеді.

Сондықтан, "Қазақстан Халық партиясы" фракциясы Үкіметке көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезеңінде дизель отынына акциз мөлшерлемес тоннасына 540 теңгеге дейін төмендетуді ұсынады. Бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне де міндеттемелер жүктеуге, инфляцияның өсуін тежеуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз",-делінген депутаттық сауалда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу