Постерминалдар арқылы операция орындайтын карталардың көбеюіне қарамастан, комиссиялар өзгермеген. Орташа алғанда бір операцияның 0,5-2,5 пайызын құрайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мұндай бастаманы мәжіліс депутаты Дания Еспаева көтерді. Оның айтуынша, аталған жайт қолма-қолсыз төлемдердің дамуына кедергі келтіреді. Мысалы, дүкенде тауар бағасы комиссиясы қосып есептейді. Салдарынан тауардың соңғы құны қыбаттап кетеді. Егер комиссия бақылауға алынбаса, онда дүкендер карта қабылдаудан бас тартуы мүмкін.
"Қызметтердің бағасының жоғары болуы қолма-қолсыз төлемнің дамуын тежейді. Банк комиссиясының 2,5 пайыз болуы кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Сондықтан бақылауды ұсынамын", – дейді Дания Еспаева.