Депутаттар зейнетақы жинағына немқұрайлы қарағандарды жазалауды ұсынды

917

Депутаттар зейнетақы жинағына немқұрайлы қарағандарды жазалауды ұсынды

Парламент Мәжілісіндегі "Ақ Жол" фракциясының депутаттары Әзербайжанның проблемалық банкіне инвестициялау туралы шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды қызметкерлерін жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2014 жылдың күзінде БЖЗҚ қаржысына Әзербайжанның халықаралық банкінің 70 млрд-тан астам теңге сомасындағы облигацияларын негізсіз сатып алу фактісін анықтаған тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев "Ақ жол" партиясының өкілдерімен жүздесті.

- Бұдан бұрын біздің фракция Казинвестбанкті лицензиясынан айыру барысында қауіптілік дәлізінде қалған 3 млрд. теңгеге тарта сомадағы БЖЗҚ қаржысына қатысты үндеу жасаған болатын. Сол кезде БЖЗҚ басшылығымен 5 млрд теңгеге KASE-де күмәнді эмитет пен бағалы қағаздарды алу фактісі анықталған еді",- деді мәжілісмен Азат Перуашев.

Оның пайымынша, осы мысалдардың барлығы азаматтардың зейнетақылық жинақтары бойынша немқұрайдылық мен жауапсыздықты көрсетіп отыр. "Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы аталған банкке инвестиция салу туралы шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды ұсынады",-деп атап өтті Перуашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу