Депутаттар жер заңнамасының ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейтпек

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, оған бірқатар түзету енгізіп, мақұлдады. 

Депутаттар жер заңнамасының ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті күшейтпек Фото: Казахстанская правда

Заңның негізгі мақсаты жер заңнамасының жекелеген ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізетін органдарға әкімшілік істерді қарау және тиісті жазалар қолдану бойынша өкілеттіктер беру екенін атап өткен жөн.

"Бұл заң жер заңнамасын бұзғаны үшін жекелеген баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға арналып отыр. Сонымен қатар заң шеңберінде жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізетін органдардың өкілеттіктерін қайта қарау көзделген. Жаңа нормалар жер учаскесіне құқық беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу