Депутаттар жиналыс уақытында төбелесіп, соңы сұмдық жайтқа ұласты

Ұлттық ассамблеяның отырысында оппозициялық партия депутаттары төбелес шығарған.   

Депутаттар жиналыс уақытында төбелесіп, соңы сұмдық жайтқа ұласты Фото: AP Photo

Тәртіпсіздіктер кезінде аяғы ауыр депутат та жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутаттар тобының пиротехникалық зат қолдану арқылы сессияны бұзуға әрекет жасағанын ТАСС жаңалықтар агенттігі хабарлаған.

Оқиға "Солшыл-жасыл майдан" депутаты Радомир Лазовичтің мінберге кезексіз көтерілуге бара жатқанында басталған. Парламент қауіпсіздік қызметкерлерінің оны тоқтату әрекеті төбелеске ұласып отыр. Оппозициялық депутаттар түтін бомбаларын жағып, Сербия президенті Александр Вучичті тақтан тайдыруға шақырған баннерлерді ұстаған.

Осыған жауап ретінде билеуші Серб Прогрессивті партиясының мүшелері елдің туын жайып, қарсылық танытқан.

Тәртіпсіздіктер кезінде үш депутат: Ясмина Каранац (Сербияның социал-демократиялық партиясы), сондай-ақ Ясмина Обрадович пен Соня Илич (екеуі де – Серб прогрессивті партиясынан) жарақат алған. Обрадович жарылғыш гранатадан жарақаттанып, инсультке түскен. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Ал сегіз айлық жүктілігі бар Илич ауруханаға түскен, қазіргі уақытта дәрігерлер сәбиінің өмірі үшін қолынан келгенін аянбауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу