Депутаттарға тағы бір жауапкершілігі жоғары міндет жүктелді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтып отыр.  

Депутаттарға тағы бір жауапкершілігі жоғары міндет жүктелді Фото: Мәжіліс

Бұдан былай Қазақстанда халық қалаулылары қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің бөлінуін қадағалайтын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы күні 13,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне өткен. Бұл жерлер бос тұрмай, тұрақты айналымға енгізілуі қажет. 

– Депутаттар Үкіметпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электронды конкурс арқылы бөлу механизмі бойынша заңнамалық түзетулерді дайындауы керек. Бұл барлық процесті оңтайландырып, олардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Енді депутаттар да жер бөлу үдерісін бақылауға атсалысады, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері бұл қадам ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретініне сенімді. Әрі бұл инвестиция тартуға да мүмкіндік ашпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу