Депутаттық мандатты бөлгенде ерекше қажеттігі бар адамдарға арнайы квота бөлінеді

613

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауы кезінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Депутаттық мандатты бөлгенде ерекше қажеттігі бар адамдарға арнайы квота бөлінеді

"Депутаттық мандатты бөлуде квотаны бөлу мәселесін қарау керек. Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Алайда ерекше қажеттілігі бар адамдар елдің саяси өміріне аса қатты араласып жатыр дей алмаймыз. Мен әйелдер мен балалардан бөлек квота алатын азаматтардың санатын қарау кезінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға да квота бекітуді де ұсынамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу