Депутаттық сауалға мардымсыз жауап беретін министрлер парламентке шақырылады

471

Парламентке келетін Үкімет мүшелері жауаптарының сапасы сын көтермейді. 

Депутаттық сауалға мардымсыз жауап беретін министрлер парламентке шақырылады Фото: inbusiness.kz

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері, дайындықсыз келетін шенеуніктерді сынға алды. Ерлан Қошанов министрліктегілер, тіпті депутаттық сауалдарға да жүрдім-бардым қарап, мардымды жауап бермейтінін айтып шүйлікті.

Егер бұлай жалғаса берсе, әр сауалға бетпе-бет, ауызша жауап алу үшін министрлерді Парламент қабырғасына шақыртамыз,- деп ескертті.

Мұндай ереже палаталар регламентінде бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу