Депутаттың күйеуі жетінші сынып оқушысын азғырды деген күдікке ілінді

1306

Жамбыл облысында білім бөлімінің басшылары 13 жасар оқушы қыздың жүкті екенін жасырған. 

Депутаттың күйеуі жетінші сынып оқушысын азғырды деген күдікке ілінді Фото: freepik

Бойжеткен ата-анасының келісімінсіз жасырын түсік жасатқан. Күдікті 55 жастағы ер адам болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 31 арнаға сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтері бойынша, биыл мамыр айында полицияға 13 жасар қыздың анасы арызданған. Ол 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтқан.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан релизінде.

Қыз баланың анасы ер адамның қарым-қатынасы берік, әйелі балабақша меңгерушісі болып жұмыс істейтін депутат екенін айтты.

Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ақырында ол жүкті болып, қыз анасына шындықты айтып беруге мәжбүр болған. Бірақ ер адам, жоғары лауазымда таныстары барын айтып, қауіп төндірген.

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан, ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті "Айгөлек" мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген", – деді Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу