Дербес деректерді қорғаудың заманауи құралдары енгізіледі – Жаслан Мәдиев

77

Ақпараттық жүйелерді интеграциялауға басымдық берілмек.

Дербес деректерді қорғаудың заманауи құралдары енгізіледі – Жаслан Мәдиев Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев дербес деректерді қорғаудың заманауи құралдарын енгізу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Дербес деректерді қорғаудың заманауи құралдарын, оның ішінде деректерді жасыру жəне хэштеуді енгізу жоспарлануда. Бұл деректерді техникалық тұрғыдан қорғауға жəне рұқсатсыз қол жеткізу кезінде олардың жария болу тəуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер базаларынан деректерді жүктеп алуды шектеу жоспарланып отыр. Басымдық ақпараттық жүйелерді интеграциялауға берілетін болады", – деді министр.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, деректерді жүктеуге тыйым салынып, тек ерекше жəне нақты заңда анықталған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. 

"Мемлекеттік органдар да, жеке сектор да өңдейтін дербес деректерді ретке келтіру жəне есепке алу үшін дербес деректер операторларының сынапталған реестрі жəне сенімді шетелдік алушылар реестрі құрылатын болады. Киберқауіпсіздік жүйесіндегі ең əлсіз буын – адами фактор. Сондықтан кибермəдениет деңгейін одан əрі арттыруға ерекше назар аударылады", – деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, дербес деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жəне əкімшілік айыппұлдың шегін 5000 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу