Дербес компьютерлердің жаһандық жеткізілімі шамамен 15%-ға қысқарды

Көрсеткіш 2006 жылдан бері алғаш рет 250 миллион деңгейден төмен түсті. 

Дербес компьютерлердің жаһандық жеткізілімі шамамен 15%-ға қысқарды Фото: pixabay.com

2023 жылдың қазан-желтоқсан айларында дербес компьютерлердің жаһандық жеткізілімі бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға, яғни 63,3 млн данаға дейін өскені белгілі болды. Алдын ала есептеулерді Gartner зерттеу компаниясы ұсынған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл – соңғы тоғыз тоқсандағы алғашқы өсім.

2023 жылдың соңында жеткізілім 14,8%-ға төмендеп, 241,8 млн компьютерді құрады. Осылайша, бұл көрсеткіш 2006 жылдан бері алғаш рет 250 миллион деңгейінен төмен түсті.

"Дербес компьютер нарығы соңғы екі жылда 2020 және 2021 жылдар арасындағы ерекше өсуден кейін айтарлықтай түзету кезеңін бастан өткерді", - деп мәлімдеді Gartner сарапшы директоры Микако Китагава.

Оның айтуынша, дербес компьютер нарығы құлдыраудың түбіне жетті.

"Төртінші тоқсанда тауарлық - материалдық құндылықтар деңгейі қалыпқа келді. Бұл осы саланы екі жыл бойы мазалаған өзекті мәселе болды", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында тіркелген сатылым өсімі сұраныс пен ұсыныстың ақыры теңгерілгенін көрсетеді.

"Алайда, бұл жағдай 2024 жылы компоненттер бағасының күтілетін өсуіне, сондай-ақ, геосаяси және экономикалық белгісіздікке байланысты өзгеруі мүмкін", - деп қосты Китагава.

Бұдан басқа, төртінші тоқсанда АҚШ-тағы компьютерлердің жеткізілімі 1,8%-ға өсті (2021 жылдың сәуір-маусымынан бастап алғашқы өсім). EMEA-ға көтерілу (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) 8,7%-ды құрады. Сонымен қатар, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сатылым 8%-ға төмендеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу