Дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 млн 322 азаматты құрады – Мәдина Әбілқасымова

1033

Жыл басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмаған.  

Дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 млн 322 азаматты құрады – Мәдина Әбілқасымова

Үкіметтің бүгінгі отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берген еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жыл басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмаған, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бүгінде 1 миллион 385 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Олардың ішінде 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері және шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды. 8,7 мың адам үш жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Министрдің сөзінше, 25 тамыздағы жағдай бойынша дерекқорларда нақты әлеуметтік мәртебесі жоқ азаматтардың саны – 1 миллион 320 мың адам. Мәдина  Әбілқасымова бұл көрсеткіш бойынша жоспардың тең жартысы орындалғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды заңдастыру шаралары арнайы жоспар аясында атқарылып келеді. Аталған құжат 2018-2019 жылдарға арналған. Оған сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді ресми түрде тіркеп, xалықты әлеуметтік қорғау жүйесімен барынша қамту көзделген. Осыдан кейін медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылады деген жоспар бар.

Сондай-ақ халықты формализациялау жөніндегі ведомствааралық комиссия жұмыс істейді. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу