Деревянченкодан кейін Головкиннің қарсыласы кім болады

763

GGG Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Деревянченкодан кейін  Головкиннің қарсыласы кім болады

Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF титулын сарапқа салған соң, Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

"100 пайыз, мен бұл жекпе-жекке ашықпын. Әрине, бірінші әлем чемпионы титулын жеңіп алуым керек. Муратамен кездесу сөзсіз қызық. Бұл өте маңызды, ұлы жекпе-жек болады деп ойлаймын",– деді Головкин.

Айта кетсек, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу