Жанжалдасушы елдердің санкция саясаты Қазақстанға өз салдарын тигізбей қоймайды, деп санайды ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев
"Өздеріңіз білесіздер, әлемде әлі де тынышсыздық. Державалардың қарым-қатынасы санкция саясатымен астасуда, ол Қазақстанға әсер етпей қоймайды", – деді дүйсенбіде парламенттің кезекті сессиясының ашылуына арналған палаталардың бірлескен отырысында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев.
"Аймақтық жанжалдар басылар емес, деструктивті идеология өз ықпалын кеңейтіп барады",– деп атады президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу