Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізе отырып, тыйым салынған аудиодәрістерді тарату фактісін анықтады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.
Полицейлер деструктивті діни ағымдарды ұстанатын 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Оған қатысты "БАҚ өнімдерін, сондай-ақ өзге де өнімдерді өндіру, сақтау, әкелу, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына тарату" әкімшілік бабы бойынша хаттама толтырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу