Детройтта жерлестеріміз жеңіске жетті

894

Детройтта жерлестеріміз жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 13-і, ал  АҚШ-да көп жылдан бері полицей қызметкері болып жұмыс жасайтын Димаш Ниязов 11-і жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды sportportal.kz.

Американың Детройт қаласында екінші орта салмақта екі дүркін олимпиада чемпионы американдық Кларесса Шилдс және доминикандық Мэри Рансьер арасында WBC Silver чемпиондық тұжырымдамасы үшін өткен басты бокс кешінде Бахтияр мексикалық Сезар Сореано Беруменмен, ал Ниязов доминикандық Рамон Гевармен жұдырықтасып, қос қазақ боксшысы қарсыластарынан басымдық танытты.

Қос қазақ боксшысының да жекпе-жектері алты раундқа жоспарланған болатын. Эюбовқа жеңіске жету үшін 41 секунд жеткілікті болды. Бахтияр осы уақыт аралығында қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жібергендіктен, төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады. Димаш қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, Эюбов үшін бұл кәсіпқой рингеті 13-і жеңіс, нокаутпен ұтқан 11-і жекпе-жек. Ал Димаш жеңілістің дәмін татпаған Димаш өзінің 11-і жеңісіне қол жеткізіп, уақытынан бұрын аяқтаған 5-і жекпе-жегін тіркеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу