Deutsche Bank қайта құрылымдау бағдарламасы аясында 7 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы банк бейсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Deutsche Bank шығындарды азайту қарқынын жылдамдатады. Осыған байланысты, штаттық лауазымдар саны қысқарады. Қазір олардың жалпы саны 97 мыңнан астам. Ал қысқартудан кейін 90 мыңнан аз болады", - деп мәлімдеді Германияның ең ірі банкі.
Банктің жаңа басшысы Кристиан Зевинг бизнесті түбегейді қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ол сәуір айында басқарма төрағасы лауазымына сайланған болатын. Бағалы қағаздардың саудасымен айналысатын бөлімдегі жұмыс орындарының 25%-ы қысқарады. Банк электронды қызмет жүргізуге басымдық бергелі отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу