Deutsche Bank сот қудалауын реттеу үшін АҚШ билігіне 7 миллиард 200 миллион доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды 24Хабар.
АҚШ-тың Әділет министрлігі қаржы институтын 2008 жылғы әлемдік дағдарыс қарсаңында құнды қағаздар нарығында айла жасады деп айыптаған. Енді неміс банкі тиісті соманың бір бөлігін АҚШ билігіне айыппұл ретінде төлейді. Оның 4 миллиарды америкалық клиенттердің шығынын өтеуге жаратылмақ. Негізі бастапқыда екі есе көп сома талап етілген. Алайда Deutsche Bank өкілдері оны төлеуден бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу