Deutsche Bank қызметкерлеріне WhatsApp-ты қолдануға тыйым салды

1006

Deutsche Bank қызметкерлеріне WhatsApp-ты қолдануға тыйым салды

Deutsche Bank  өз қызметкерлеріне  корпоративтік телефондарда WhatsApp және өзге де мессенджерлерді қолдануға тыйым салды, деп хабарлады жұма күні Bloomberg агенттігі.

"Бұл сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға өзгерістер әкелетінін және сол арқылы қолайсыздықтар жасайтындығымызға өтініш білдіреміз. Дегенмен бұл нормативтік-құқықтық талаптарға Deutsche Bank-тің сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін қажет қадам", – делінген сәрсенбі күні неміс банкі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ жұмыс барысында байланысу үшін пайдаланылатын жекеменшік телефондарға да тыйым салынып отыр.  WhatsApp-пен қатар GoogleTalk және iMessage қосымшаларына да шектеу қойылды.
Жағдайдан хабардар дереккөздің айтуынша, электронды хаттардан айырмашылығы сол, мессенджерлердің хабарламалары компанияның серверлерінде сақталмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу