Дэвид Кэмерон ресми сапармен Қырғызстанға барады

209

Сапар аясында екіжақты қырғыз-британ ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды. 

Дэвид Кэмерон ресми сапармен Қырғызстанға барады Фото: BBC

22-23 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лорд Дэвид Кэмерон қырғыз әріптесінің шақыруымен Қырғызстанға ресми сапар жасайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу барысында екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, екіжақты қырғыз-британ ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Сапар бағдарламасына Дэвид Кэмерон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың кездесуі кіреді.

Бұған дейін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Тәжікстанға сапары хабарланған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу