Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогі бәсекесінде Қазақстан Голландияны жеңді, деп жазады Olympic.kz.
Алғашқы екі кездесуден соң 1:1 есебі тіркелген болатын. Алдымен Михаил Кукушкин Ботик ван де Зандшульпті жеңсе, кейін Александр Бублик Робин Хаседен ұтылды. Ал матч тағдырын шешетін соңғы жұптық кездесуде Кукушкин мен Бублик қарсыластарын екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп - 6:4, 7:6 (7:4)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу