Дэвис кубогі әлемдік лигасының бірінші айналымы аясында кездесетін Қазақстан мен Португалия командаларының құрамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстан сапында Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 56-шы орын), Александр Недовесов (193-ші орын), Александр Бублик (164-ші орын), Тимур Хабибулин (жұптық сында 162-ші орын), Денис Евсеев (322-ші орын) кортқа шығады.
Біздің командаға Жоау Соуза, Педро Соуза, Жоау Домингеш, Гаштан Элиаш қарсы ойнайды. Олардың арасында рейтингте жоғары тұрған теннисші – Жоау Соуза (44-ші орын).
Екі құрама арасындағы матч 1-2 ақпан күндері Астанадағы ұлттық теннис орталығында өтеді.