Дэвис кубогінің 2021 жылғы финалдық бәсекесі 11 күн бойы үш қалада өтетін болады. Бұл туралы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) хабарлады, деп жазады olympic.kz
"Біз бұл өзгерістер ойыншылар үшін де, жанкүйерлер үшін де сәтті боларына сенеміз. Жарысты бірнеше қалада өткізу арқылы біз үлкен аудиторияны қамтып, турнир кестесін жеңілдете аламыз", – дейді ұйымдастырушылар.
2020 жылғы финалды қабылдауға міндеттелген Мадридтен бөлек, биыл тағы екі қала ақтық кезеңді қабылдайды. Турнирдің форматы туралы нақты шешім 2021 жылдың наурызында қабылданады. Сондай-ақ, ITF 2022 жылы финалистер санын 18 командадан 16 командаға азайтынын мәлімдеді.