Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов Қазақстанды алға шығарды

940

Қазіргі сәтте Александр Бублик пен Робин Хасе ойнауда.  

Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов Қазақстанды алға шығарды

Елордада теннистен Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Қазақстан – Нидерланды матчы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін кортқа алғашқы болып жұптық сында өнер көрсететін теннисшілер шықты.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов өздеріне артылған үмітті ақтай білді.

Олар нидерландылық Жан-Жюльен мен Робин Хасені 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.

Осылайша Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Енді қазақстандықтарға Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алу үшін бір жеңіс жетіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан алғашқы ойында есе жібергенін, Александр Бублик есепті теңестіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу