DHL Нұр-Сұлтан әуежайымен келісімшартты бұзады

720

Ең ірі халықаралық логистикалық DHL компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресей және ЕАЭО елдеріндегі жұмысын тоқтатты, деп жазды inbusiness.kz.  

DHL Нұр-Сұлтан әуежайымен келісімшартты бұзады

"Украинадағы ағымдағы жағдайға байланысты 2022 жылдың наурызында DHL Ресей Федерациясы мен ЕАЭО елдеріндегі қызметін тоқтатты. "ДХЛ Логистика (Қазақстан)" ЖШС 2022 жылдың 27 тамызынан бастап "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ келісімшартын бұзатынын хабарлады", – деп жазылған компанияның Orda.kz сайтына берген жауабында.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 29 қыткүйегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "ДХЛ Логистика" ЖШС" Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жүк терминалының көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жүк айналымын 27%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу