ДХР-да жыл соңына дейін Жаңа Конституция қабылданады

519

Донецк Халық Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа Конституция қабылдауды жоспарлап отыр. Жаңа Негізгі заңды қабылдау аймақ мәртебесінің өзгеруіне байланысты қажет болды. 

ДХР-да жыл соңына дейін Жаңа Конституция қабылданады Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com

Бұл туралы ДАН агенттігі ДХР Халық Кеңесінің төрағасы Владимир Бидевканың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Жыл соңына дейін Донецк Халық Республикасының жаңа Конституциясын Ресей Федерациясының субъектісі ретінде қабылдау үшін барлық құқықтық процестерді жақын арада аяқтау жоспарлануда", - деп түсіндірді ол.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Конституция жобасын дайындау жұмыстары аяқталу сатысында тұр, соңғы келісімдер жүріп жатыр.

Қазіргі ДХР Конституциясы 2014 жылдың 14 мамырында — сол жылдың 11 мамырында өткен референдум негізінде Республиканың егемендігі жарияланғаннан кейін қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу