Ди Каприо қоры Амазониядағы өртті сөндіруге 5 млн доллар бөледі

930

EarthAlliance Амазониядағы орман өртін ауыздықтау мақсатында төтенше жағдай кезінде көмек көрсететін қор құрды.

Ди Каприо қоры Амазониядағы өртті сөндіруге 5 млн доллар бөледі

EarthAlliance қайырымдылық ұйымы Амазония өңіріндегі орман өртімен күреске бес миллион доллар бөлмек. Әйгілі америкалық актер Леонардо Ди Каприо – осы ұйымның негізін қалаушылардың бірі.

"EarthAlliance Амазониядағы орман өртін ауыздықтау мақсатында төтенше жағдай кезінде көмек көрсететін қор құрды. Бөлінген қаражат жергілікті тұрғындар мен тілсіз жаумен күресіп жатқан жергілікті серіктестерімізге беріледі", – делінген ұйымның Твиттердегі парақшасында. 

Бұған дейін Франция президенті G7 елдері Амазониядағы қызыл жалынды сөндіруге 20 млн еуро бөлінетінін жариялаған болатын. Бұдан бөлек Канада билігі 15 млн доллар жұмсауға уәде етті. 

Амазония ормандарында өрт бірнеше апта бойы ырық бермей келеді. Биылғы жанып кеткен орман ауданы былтырғыға қарағанда 82 пайызға өскен. Бразилияның Ұлттық ғарыштық зерттеулері институтының дерегіне сүйенсек, бейсенбі және жұма күндері елде 1663 өрт ошағы тіркелген, оның тең жартысы Амазонияда. Елдің бірқатар штатында апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу