Диабетпен ауыратындарды тест-жолақтармен отандық өндіруші қамтамасыз етпек

1019

Диабетпен ауыратындарды тест-жолақтармен отандық өндіруші қамтамасыз етпек

2018 жылдың алғашқы үш айында 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық өндірушіден 650 млн теңге сомаға қандағы қант деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін 300 мыңнан артық тест-жолақтары, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациеттерге глюкометрлар сатып алынды, делінген ҚР ДСМ баспасөз қызмметі таратқан мәліметте.

Бірыңғай дистрибьютордың тендер қорытындысы бойынша жылдың қалған айларына  1,1 млрд теңгеден  астам сомаға тағы 570 мың тест-жолақтар сатып алынады.

Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші "Аксель и А" жүзеге асырады.

2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған  ұзақ мерзімді шарт шеңберінде Мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып,  Бірыңғай дистрибьютордың тендерлерінің нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады, тендерге қазақстандық зауыт қатысып отырғанда басқа қатысушылар қарастырылмайды.

Айтпақшы, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушінің тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл бұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде диспансерлік тізімде тұрған қант диабетімен ауыратындарға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу