Триатлоннан Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күміс жүлдені румыниялық Тунде Кришан (35:48) иеленсе, қола медаль италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.
Қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (36:13) орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу