Уильям мен Гарри ханзаданың бастамасы бойынша Кенсингтон сарайының бағында Диана ханшайымға ескерткіш орнатылмақ. Биыл ханшайымның дүниеден озғанына 20 жыл. Осыған орай ескерткіштің макетін таңдайтын арнайы комиссия да тағайындалған, деп жазады reactor.inform.kz.
"Біздің анамыз бақилық болғаннан бері де 20 жыл өтті. Анамыздың Ұлыбритания мен әлемге жасаған оң ықпалын мойындайтын уақыт жетті. Біз ескерткіштің Кенсингтон сарайына келген әр жанға ой саларына үміттенеміз", – дейді ханзадалар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу