Ол төбелес болған күні көп жағдайды байқамағанын ашып айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Есімде жоқ, көрген жоқпын, білмедім, байқамадым" дескен айыпталушыдан неге жедел жәрдем не полицияға хабарламағаны туралы сұралды.
– 102 мен 103-ке хабарласпағаныма өкінемін. Хабарласқанда, бұл жерде отырмайтын едім, – деді ол.
– Хабарласуға мүмкіндік болды ма? – деп сұрады мемлекеттік айыптаушы.
– Болды, қорқып, ойламадым оны, – деді Дидар Қалиахмет.
Мемлекеттік айыптаушы ізінше "Кімнен қорықтыңыз?" деп сұрады. Ол "Ешкімнен қорыққан жоқпын, ішімде сондай қорқыныш болды" деп жауап қатты.
Айтуынша, оқиға орнынан тез кетіп қалуына көліктерінің артында басқа көліктің тұруы әсер кеткен. Содан кейін оқиға орнынан кетіп бара жатқанда, мылтықтың дауысын естіп, машинадан түсіп қалған. Ондағы мақсаты көмектесу еді. Бірақ, солай бола тұра "еш әрекет жасамадым" дейді Дидар Қалиахмет.
Ол күдіктілердің ешқайсысынан қару көрмеген, тек жәбірленуші Қаржаубайдың қолынан пышақты байқаған. Қорғану мақсатында оған "бұның болмайды" дескенін еске алды.