Дидар Смағұлов АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық марапатына ие болды

251

АҚШ Мемлекеттік департаменті беретін марапатты отандасымыз АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қолынан алды. 

Дидар Смағұлов АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық марапатына ие болды Фото: Дидар Смағұловтың Facebook парақшасынан

Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігі атқарушы директоры, сыбайлас жемқорлықпен күресуші қоғам белсендісі Дидар Смағұлов "Anti-Corruption Champions Awards 2024" халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған АҚШ мемлекеттік департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы жетістіктер үшін беретін жоғары халықаралық сыйлықтың номинанты атанған 10 адамның бірі болу құрметі бұйырды",  деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Айтуынша, оған бұл сыйлық Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында тиімді жүйелік реформалар енгізудегі және жемқорлыққа бой алдырған тұлғаларды жауапқа тартудағы жұмысы үшін берілген.

"Марапатты табыстағаннан кейін Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі қабылдады. Осылайша алғашқы құттықтауды өз елімнің "аумағында" алдым. Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан реформаларын әлемдік держава жоғары бағалап жатқаны, әсіресе, ол іске өзімнің де қатысым бар екені қуантады",  деп жазды Д. Смағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу