Diehl Metering өкілдері инфрақұрылымдық тұғын үй кешенін жаңғыртуға қатысуға ниетті

777

Diehl Metering компаниясы Diehl Group (Германия) халықаралық концерннің бір бөлігі. Бұл концернде бүкіл әлем бойынша 17200 адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы – 3,75 млрд еуро. Компания көптеген салалар үшін инновациялық технологияларды әзірлейді және шығарады.

Diehl Metering өкілдері инфрақұрылымдық тұғын үй кешенін жаңғыртуға қатысуға ниетті

Diehl Metering неміс компаниясы басшылығымен және оның Қазақстан Республикасындағы ресми әріптесі  "RMK Systems" ЖШС басшылығымен кездесу өтті. Тараптар энергияны есепке алудың заманауи зияткерлік құрылғыларын қолдану  арқылы суды, газды, жылу мен электр энергиясын ұтымды пайдалану бойынша кешенді шешімдерді енгізудегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Diehl Metering компаниясы Diehl Group (Германия) халықаралық концерннің бір бөлігі. Бұл концернде бүкіл әлем бойынша 17200 адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы – 3,75 млрд еуро. Компания көптеген салалар үшін инновациялық технологияларды әзірлейді және шығарады. Инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласында Франция, Германия, Дания, Испания, Қытай және басқа елдер сынды 12 елде ресурстарды есепке алу зияткерлік құрылғылары бар үйлер мен ғимараттарға арналған жобалар іске асырылды.

Кездесу барысында Diehl Metering өкілдері Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін цифрландыру шеңберінде ресурстарды зияткерлік есепке алу бағытын дамыту ниетін білдірді. Сондай-ақ, неміс тарабы қазақстандық әріптестерін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ең ірі – European Utility Week 2018 іс-шарасына қатысуға шақырды,  онда Diehl Metering хэдлайнердің бірі болып табылады. Осы іс-шара аясында "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ, Diehl Metering және "RMK Systems" ЖШС арасындағы үш жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Ауқымды ынтымақтастыққа бағытталған алғашқы қадам ретінде тараптар Астанада пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаласты. Жоба көп пәтерлі тұрғын үйді заманауи зияткерлік құрылғылармен нақты уақыт режимінде есепке алуды қадағалау үшін бағдарламалық өнімдерге қосылған ресурстарды тұтынуды өлшеу үшін жабдықтауды қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу