Digital Almaty 2023: 100 үздік жоба ұсынылды

656

Биыл Digital Almaty-ға 15 мыңнан астам адам келді.

Digital Almaty 2023: 100 үздік жоба ұсынылды Фото: AstanaHub

Digital Almaty 2023 бесінші халықаралық цифрлық форумы аясында ұйымдастырылған Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockchain, Big Data, MedTech және тағы басқа сала бойынша 100 үздік жоба ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz AstanaHub.com сайтына сілтеме жасап.

"Форум әртүрлі елдердің ірі венчурлық қорларын, халықаралық компаниялардың өкілдерін, юникорндарды, БАҚ, мемлекет және IT-қауымдастығын біріктірді. Стартаптар аллеясына қатысуға да сұраныс жыл сайын артып келеді. Өйткені Стартаптар аллеясы жас ІТ-компанияларға өз өнімін танытып,инвестиция тартуға, өзара тиімді ынтымақтастықорнатуға, сондай-ақ басқа елдердегі үздік жобалармен танысуға бірегей мүмкіндік береді", – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Стартаптар аллеясында форум қонақтары Қазақстан, Татарстан, Қырғызстан және Тәжікстанның MVP, PMF және Scale кезеңдеріндегі үздік стартаптарымен таныса алады.

"Алматыдағы ең ірі технологиялық іс-шара болғандықтан, бұл форумға қатысу аса маңызды. Біз финтек компаниясының өкілдері ретінде аллея қатысушыларына, форум қонақтарына өз жобамызды қуана-қуанатаныстырып жатырмыз. Біздің жоба 2021 жылы қазақстандық нарықта сәтті іске қосылды. Жақын арада оны Түркияда іске қосу жоспарлап отырмыз, сонымен қатар Таяу Шығысқа шықпақпыз. Халықаралық нарыққа шығудағы мақсат – ислам қағидаттарына сәйкес цифрлық қаржылық қызметтерді көрсету", – деді Tayyab цифрлық қаржылық сервисінің бас директоры Дастан Байсалбаев.

Сондай-ақ, Қазақстандық Juzzim әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Ғабиден Тілеу де адами капиталды дамытатын және еліміздің IT-әлеуетін арттыратын осындай ауқымды ІТ-шаралардың қажеттілігін атап өтті.

Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу