Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселелері қаралды, деп хабаралйды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясының жобасы әзірленді.
Ол жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын барынша енгізуді мақсат етеді.
Аталған құжат алдағы уақытта саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырып, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шараларын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз экономиканы цифрлық трансформациялауға айтарлықтай серпін беруіміз қажет", – деп атап өтті Олжас Бектенов.