Диқандар астық бағасының арзандап кетуіне алаңдаулы

468

Бидай құнының құлдырап кетуіне негізгі себеп,  Ресейден жаппай арзан астықтың тасымалдануы.

Диқандар астық бағасының арзандап кетуіне алаңдаулы Фото: ашық дереккөзден

Қостанайлық диқандар астық бағасының арзандағанына алаңдаулы. Өткен күзде  азық-түлік корпорациясы бидайдың тоннасы 121 мың   теңге деп белгілеп еді. Араға бір ай салып, ол 110-ға түсірді. Қазір нарықтағы құны әрі кетсе тоннасына 80-90 мың теңге. Мұндай бағаға сату тиімсіз, шығарған шығынды да өтемейді  дейді астық өндірушілер. Сондықтан көбісі былтырғы жиналған өнімдерін тапсырмай, әліптің артын бағып отыр. Кейбіреуі алдағы егіске керек-жарағын алу үшін, амалсыз ұсынған ақшаға беруге мәжбүр. Бидай құнының құлдырап кетуіне негізгі себеп,  Ресейден жаппай арзан астықтың тасымалдануы. Осыған шектеу қою жөнінде қостанайлық кәсіпкерлер атынан Үкіметке ұсыныс хат жолданған. 

"Көршілес елімізде 60 мың 70 мыңнан арзан баға, сол бағаға біздің теңгеге шаққанда сонымен бидай кіргізіп жатыр.Бұл біздің ауылшаруашылықтарға үлкен қиындық тудырып отыр. Қазір енді былтырғы егістің 60 проценті қолдарында деп айтуға болады. Үкімет айтып еді тоқтатып жатырмыз деп, енді мынау автокөлікпен кіргіземіз бидайды. Ресейден тоқтатса, онда баға көтерілуі мүмкін", - дейді Қазақстан фермерлер қауымдастығы ҚФ атқарушы директоры Талғат Өтекеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу