Диқандар астық экспортына БАЖ салығын енгізуге қарсы

948

 Астық экспортына баж салығын енгізу елдегі егіс алқаптары көлемінің азаюына әкеп соғады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Диқандар астық экспортына БАЖ салығын енгізуге қарсы

Өйткені нарықтан айрылған диқандар егін салуды қояды. Осылай деген павлодарлық фермерлер астық экспортына баж салығын салу туралы ұсынысқа қарсы. Айтуларынша, бұл астықты өңдейтін кәсіпкерлердің ымыраласқан әрекеті. Егер бидай сыртқа шықпайтын болса жергілікті жерде өтімі төмендейді. Диірмен тартатын кәсіпорындар, "шығымы төмен", "ылғалдылығы жоғары", "дәні ұсақ" деген түрлі сылтауды алға тартып құнын түсіреді. Шаруалар ала жаздай маңдай тердің жемісін көрмейді. Енді астық экспортына баж салығы енгізілсе, онда ұнды шет елге сатуға да салық салынсын, дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу