Диқандар: Бидайдың бағасы тоннасына 40 мың теңгеге түсіп кетті

592

Күзде бидайдың бір тоннасы 120-125 мың теңгеге бағаланған. 

Диқандар: Бидайдың бағасы тоннасына 40 мың теңгеге түсіп кетті Фото: google

Тобыл өңірі диқандары бидайды қалай сатарын білмей дал. Құны көктемде көтеріле ме деп жүргенде, қайта түсіп кетті. Наурыз айында 80 мың теңге көлемінде сатылды. Ішкі нарыққа ресейден ағылған бидай әсер етсе керек, құн жергілікті өніммен салыстырғанда тағы арзандады. Әрі, ұлттық валютаның нығаюы, рубльдің құнсыздануы да көп-көрім әсер етті.

Сонымен қатар, рапс, зығыр, күнбағыстың да бағасы төмендеді. Ал, қазір бидайдың тоннасы 40 мың теңгеге түскенмен нанның бағасы әлі арзандамады. Әлеуметтік бір бөлке нанның құны 90 теңгеден. Бағасы жыл басынан бері өзгермепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу