Диқандар экспорт шектеуін алып тастауды сұрайды

496

Елде пияз егетін диқандар экспорт шектеуін алып тастауды сұрайды. 

Диқандар экспорт шектеуін алып тастауды сұрайды Фото: google

Олар онсызда ішкі нарықта жуа жеткілікті, артығы шіріп жатыр деп санайды. Сондықтан пияздың артығын сатуда шектеу болмаса деп тілейді. Жағдай реттелмесе, тіпті жуа егуден бас тартпақ.

Самат Ералиев қара жерге дән егіп, еңбек еткелі 10 жыл. Былтыр бақандай 30 гектар жерге пияз сепкен. Әр гектардан 80 тонна өнім алыпты. Ішкі нарықтан бөлек, делдал арқылы шетелге де өнім жіберген. Өйткені құн жағынан тиімдісі сол. Былтырғы өнім әйтеуір үйтіп-бүйтіп ақтапты. Енді фермер келер жылы экспортқа шектеу жалғасса, ісіміз іркіле ме деп алаңдайды. 

"Әрине тиімді. Қымбат сатқан кімге тиімсіз? Қазір де еге алмай жатырмыз. Жанар-жағармай жоқ", дейді диқан Самат Ералиев.  

Диқан дәл пияз егетіндерге субсидия түрі мен көлемі аз дейді. Сондықтан сыртқа өнім сатуға мәжбүр екен. Қазір облыста 1100-ден астам пиязегетін шаруа бар. Ал аймақтағы өндірушілер қауымдастығының өкілі болса, сырт елде сұраныс жоғары болған соң, шаруалардың қымбат құнға жүгіруі заңдылық дейді. 

"Ресейліктер тікелей өздері келіп алып кетіп жатыр. Сатып алушылар келіп, аванс ақшасын беріп, дайын пияз болған жағдайда сол жерден алып кетіп жатыр.  Субсидия жағын назар аудару керек деп ойлаймын. Мысалы қазіргі пияз өндірушілердің көбісі төменгі сорттың пиязын егіп жатыр", дейді Пияз өндірушілер қауымдастығының өкілі Азамат Ақынбеков.

Қауымдастық сөредегі пияз құны келісіне 300 тг-ге дейін баруы мүмкін дейді. Жалпы Жамбыл облысы елде пияз өндіруден алдыңғы сапта.  Аймақтағы 25 мың гектар жерге көкөніс егіледі. Ал шектеуге қатысты жауапты басқарма сыртта сұраныс артып, іштегі бағаөсуінен бұқара арасында наразылық туындады деп отыр. Бір ғана Жамбылдың өзінен былтыр 49 елге пияз экспортталыпты. Министрліктің шектеу қоюы орынды дейді. 

"Жылда қабылданып осындай шектеу қойылып жатқан жоқ қой. Биыл ғана болып жатыр", дейді Жамбыл облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұржан Мұқашев.

Қазір облыстың тұрақтандыру қорында 37 мың тонна пияз сақтаулы. Алсубсидия көлемі жылма-жыл ұлғайып жатыр екен. Диқандарға басқарма тыңайтқыш және жанармай бойынша қолдау көрсетіп келеміз дейді. Ал экспорт шектеумерзімінің алда жалғасып-жалғаспауынан басқарма әзірге бейхабар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу