Диқандар: Ел бойынша төтенше жағдай жариялау қажет

128

Түркияда толассыз жауған қар гүлдеген жеміс ағаштарын үсірді.  

Диқандар: Ел бойынша төтенше жағдай жариялау қажет Фото: haber7.com

Биылғы көктем Түркияның соңғы 30 жылдағы ең суық көктемі деп саналып отыр. Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты төтенше ауа райы оқиғалары Қара теңіз, Орталық және Шығыс Анадолыдағы кейбір провинциялардағы жеміс ағаштарына әсер етті, деп жазады inbusiness.kz сайты haber7 порталына сілтеме жасап.

Наурызда жауған бұршақтан кейін осы аптада жауған қар мен аяз өрік ағаштарымен қатар алма, шие, шабдалы, жаңғақ ағаштарына да соқты.

Мамандардың болжауынша, ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеген соң елдің 30-дан аса облысында дақылдар мен жеміс ағаштары үсіп кеткен. Наурыз-сәуір айларында жауған қардан өрік, алма және шие, фундук, жаңғақтардың өнім беруі екіталай. Өнімдерді жоғалты пайызы 25%-50% деп болжанып отыр.

Шаруалар ауыл шаруашылығы несиелерінің мерзімін кешіктіріп, пайызын азайту қажет деген де пікірлер айтылып жатыр. Себебі бірқатар диқандар үсікке ұрынған өнімдердің орнына жаңадан егу жұмыстарын бастамақ. Бұл үшін мемлекеттік резервтен тұқым бөлу мәселесін де қарастыруды талап етуде.

Түркияның ауыл шаруашылығы министрі шұғыл жиын өткізіп, диқандарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары қазір нақты шығындарды есептеп жатыр. Біз егістіктері үсіп кеткен диқандарға жан-жақты көмек көрсетеміз. Елімізде 206 түрлі көкөніс, жеміс жидек пен ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріледі. Дегенмен бидай, майлы дақылдар сияқты басқа да стратегиялық өнімдерге қатысты ешқандай қауіп жоқ. Тек қана жеміс-жидектерде біршама шығын бар", - деп мәлімдеді Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибраһим Юмаклы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу