Диқандар күнбағысты су тегінге сатуға мәжбүр

486

Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы керісінше экспортқа шектеуді қатаңдату керек деп санайды. 

Диқандар күнбағысты су тегінге сатуға мәжбүр Фото: pixabay.com

Қазақстандық фермерлер астығын сутегінге өткізуге мәжбүр. Себебі, күнбағысты сыртқа сататындарға биылдан бастап қосымша салық енгізілген. Сондықтан шетел асырған күннің өзінде кеткен шығындарды ақтамай тұр. Осыны тиімді пайдаланған май зауыттары төмен баға ұсынып отыр дейді шаруалар. 

Күнбағысқа салынатын экспорттық баж салығының көлемі келісімшарт сомасының 20% немесе тоннасына 100 евродан кем болмауы керек. Бұл отандық өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету арқылы қымбатшылыққа жолбермеу мақсатында енгізілген. Бірақ бұл ереженің зардабын біз ғана тартып отырмыз, дейді егіншілер. 

"Өзіндік құны мұның 150-160 теңге болып отыр. Ал бізге май зауыттары беріп отырғаны 130-140 теңге. Сонда 30 теңгеге ұтылып отырмыз. Ал қытайлар бізге 210 теңгеден беріп отыр. Сонда есептеп көріңіз. 70-80 теңге сол күнбағыстан ұтылып қап отырмыз", – дейді "Шал ақын Агро  2020" қожалығының директоры Талғар Төкеев. 

Диқандар нарықта тепе-теңдік орнауы үшін белгілі бір мөлшерде экспортқа квота беруді ұсынып отыр. Себебі ұсыныс сұраныстан көп болған соң зауыттар бағаны төмендетіп жіберді. Сонда да ішкі нарық әлі толық қамтылмай отыр,  дейді шаруалар. 

"Тазартылмаған майды экспорттау тиімді болып тұр. Өйткені, әлемде май бағасы қымбаттап кетті. Украина әлемдегі ірі экспорттаушылардың бірі болатын. Соғыстың салдарынан олардың өнімі азайып, логистикалық тізбектер бұзылды. Сондықтан біздегі зауыттар тазартылмаған май сатуға көшіп жатыр", – "Қазақстанның астық консорциумы" ЖШС коммерциялық директоры Саят Шортан. 

Ал Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы керісінше экспортқа шектеуді қатаңдату керек деп санайды. Өйткені биылғы түсім жылдағыдан 30-40 пайыз аз болады деген болжам бар. Бұл шикізат тапшылығын туындатып, сұйық май бағасын аспандатып жіберуі мүмкін. Сондықтан ішкі өндірісті дақылмен қамтылуына жағдай жасау керек,  деп отыр. 

Ресми статистика да 2022-2023 маусымда тазартылмаған май өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 50% артық екенін көрсетті. Ал тазартылған май өндірісі осы уақыт ішінде 4% өскен. Былтыр экспорт 2021 жылға қарағанда үш есе көбейді. Есесіне бөтелкедегі күнбағыс майының импорты 15% төмендеді. Соның арқасында жыл басынан бері 16 пайыз арзандаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу