2017 жылы агроөнеркәсіптік кешен өкілдеріне арналған несиелеу мөлшерлемесі 2 пайызға төмендеді. Бұл туралы "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 60 млрд теңге қысқамерзімді қарызды бағыттайтын бюджеттік бағдарламаның операторы "ҚазАгро" еншілес ұйымы – "Аграрлық несиелік корпорация" атанды, өткен жылы реттеуге "Азық- түлік корпорациясы" астықты форвардтық сатып алу бойынша қатысқан болатын.
АӨК қаржыландыру субъектісінің операторы көктемгі егіс жинау жұмыстарын жүргізуге корпорация несие беруде қолжетімділіктің кеңеюі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін толық қамту мақсаты бойынша таңдалған болатын.
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі мен оның еншілес кәсіпорындары шаруаларды қаржыландыратын бағдарламалардың пайыздық мөлшерлемелерін оңтайландыру мақсатында әрдайым жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына берілетін пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді. Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, несиелеу барысында басымдыққа ие болатын бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарын белгіледі.
Егер де бұрындары Азық-түлік корпорациясы бидай мен арпаны сатып алса, биыл фермерлер май дақылдарын да тапсыра алады.
Айта кетейік, АНК несиелеу мөлшерлемесі биыл 2 пайызға төмендеді. Бұл филиал арқылы қаржыны жылдық 3 пайыз бойынша алуға болады. Банк арқылы несиелеу пайызы 6 пайызды, ШНҰ бойынша 8 пайызды құрайды.
Бүгінде несиелік серіктестікті қамтамасыз ететін көз "Аграрлық несиелік корпорация" болып табылады.
Айта кетейік, жыл сайын "Аграрлық несиелік корпорация" фермерлерді КТ арқылы 30 млрд теңгеден астам қаржыға несиелейді.
АНК жыл сайын аграршыларды көктемгі-күзгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландырады. Ол өз есебінен 10,0 млрд теңгеге дейін бөледі.
Несиелік серіктестік – еркін кооперативтік қаржылық ұйым, өзара несиелеу арқылы өз қатысушыларын біріктіріп, қаржылай көмекті тек өз мүшелеріне ғана көрсетеді.