Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің шаруалары суармалы сумен қаншалықты қамтамасыз етілгені жайында ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел ақпаратқа сәйкес "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берген.
- Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы дихандарға 2,39 млрд текше метр суармалы су берді.
- Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы егіс алқаптарына 1,14 млн текше метр су жеткізді.
- Жетісу облысы бойынша "Қазсушар" филиалы шаруаларды 622,35 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.
- Сәтбаев атындағы каналдан 310,7 млн текше метр су берілді.
- Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы суармалы жерлерге 312,3 млн текше метр су берді.
- Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалы дихандарға 170,8 млн текше метр су берді.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы өңір шаруаларына 15,9 млн текше метр су жеткізді.
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы дихандарды 66,2 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.
- Қарағанды облысы бойынша "Қазсушар" филиалы егістіктерге 16,5 млн текше метр су берді.
- Ақтөбе облысы бойынша "Қазсушар" филиалы суармалы алқаптарға 8,83 млн текше метр су жіберді.
- Қостанай облысы бойынша "Қазсушар" филиалы шаруаларға 8 млн текше метр суармалы су жеткізді.
- Павлодар облысы бойынша "Қазсушар" филиалы дихандарға 0,49 млн текше метр су берді.
- Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы егіс алқаптарын суаруға 2,34 млн текше метр су жіберді.
- Атырау облысы бойынша "Қазсушар" филиалы шаруаларға 5,85 млн текше метр су жеткізіп берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу