"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді.
Айта кетейік, биыл 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталған. Ол көпшілік арасында "Дикий Арман" лақап атымен танымал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу