"Дикий" Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды

407

Бұл туралы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

"Дикий" Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды Фото: RTVI

Дикий Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзарды.

“2023 жылғы 5 маусым күні соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі айға, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу