"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

461

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр.

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті Д. азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы өтініші қанағаттандырылды. Күзетпен ұстау 12-ші айға ұзартылды, яғни 2023 жылдың 7 қаңтар күніне дейін. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ",- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Дикий Арман Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр: атыс қаруын заңсыз сатып алу, зорлық-зомбылықпен, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, сондай-ақ абайсызда адам өлтіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу