Дикий Арманның ісі: сот қорғаушының мәлімдемесіне жауап берді

Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгендіктен мәселелер техникалық сипатта болуы мүмкін.

Дикий Арманның ісі: сот қорғаушының мәлімдемесіне жауап берді Фото: esquire.kz

Алматының шетіндегі тергеу изоляторында Дикий Арман, Қайрат Құдайберген және тағы 30-ға жуық адамға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023 жылдың 14 қыркүйегінде атышулы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл ретте Алматы сотының баспасөз қызметі сот отырысына адвокаттардың кіруіне тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ақпарат ретінде мына жайттарды түсіндіреміз: Процеске қатысушылардың барлығына N72-мекемеге бару маршруты, кіру туралы алдын ала хабарланды. Бірқатар адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік кіреберіс арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өткендіктен, ноутбуктарды, планшеттерді және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбады. Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгендіктен, құрылғыларды пайдаланудағы мәселелер техникалық сипатта болуы мүмкін. N72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тексеру жүргізіледі", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. 

Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаментінің N72 мекемесінде өтіп жатыр.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің шетелден 2021 жылдың желтоқсан айында келгенін және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын хабарлаған. 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы бойынша Алматы қалалық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты Қайрат Құдайберген де ұсталған. Ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу