Дикий Арманның ісі: жәбірленушілерге қауіп төніп тұр

Сот "жабық" форматта өтуі мүмкін.  

Дикий Арманның ісі: жәбірленушілерге қауіп төніп тұр Фото: inbusiness.kz

Алматыда Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр.

Бірқатар жәбірленушілер, кейбір айыпталушылар мен олардың адвокаттары, сондай-ақ куәгерлер сот отырыстарын "жабық" формата өткізу туралы өтініш жолдаған. 

Олар өмірлері мен отбасыларының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот алқасында 45 адам ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу), 272-бабы (жаппай тәртіпсіздік), 191-бабы (адам отыртонау), 126-бабы (заңсыз бас бостандығынан айыру), 268-бабы (бандитизм) бойынша айыпталып отыр. 

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің шетелден 2021 жылдың желтоқсан айында келгенін және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын хабарлаған. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұсталды. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркадағы қару-жарақ, сондай-ақ оқ-дәрілер, қарулар мен броньды көлік тәркіленді.

Бас прокуратура Жұмагелдиевтің қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу